ШҚО-дағы ауылдардың 70 пайызында бас жоспар жоқ

645

ШҚО-дағы ауылдардың 70 пайызында бас жоспар жоқ

ШҚО-дағы ауылдардың 70%-ында бас жоспар жоқ. Бұл жағдай елді мекендерде жаңа әлеуметтік нысан салуға тежеу болып отыр. Кәсіп ашқысы келетін азаматтарға кедергі келтіруде. Жоспар жоқ болған соң, жер алу қиын. Ал жауапты мамандар бұл мәселені шешуге қаржы тапшы дейді. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады.
Ауылдарда бас жоспардың жоқтығы салдарынан тұрғындар жайылым немесе шабындық жерге иелік ете алмай отыр. Тіпті мал басын да көбейте алмайды.
Облыста 765 елді мекен болса, 512 ауылдың арнайы құжатнамасы жоқ. 2016 жылы өңірдегі 42 ауылдың бас жоспарының сызбасын жасау қолға алынған. Алайда бүгінге дейін 3 елдімекеннің ғана құжаты дайын. 
"Әрбір ауылдың бас жоспарын жасау – сол ауданның әкімдігінің міндеті. Мәслихат арқылы қаржы бөлуге тиіс. Бірақ біз бұл мәселені үнемі айтып келеміз. Алайда бүгінге дейін бірде-бір аудан әкімі ауылдың бас жоспарын жасауға қаражат бөлмей отыр", - дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Хасан Уашов.
Мамандардың айтуынша, бір ғана елді мекеннің бас жоспарын жасау үшін шамамен 6-8 млн теңге қажет. Оның өзі кем дегенде 3 ай әзірленеді. Бүгінде аймақтағы елді мекендердің 30%-ында ғана бас жоспар бар. Сондықтан ауылдардың аумақтық сызба құжатын дайындаудың жоспары енді ғана жасалып жатыр. Соған сәйкес, 2018-2021 жылдар аралығында әрбір ауылдың құжаты бекітіледі. Алайда бұл тізімге қанша елді мекеннің енетіні әлі белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу