ШҚО-дағы бір ауылды су басу қаупі бар

678

Глубокое ауданында тасқынға қарсы дайындық жұмыстары жүргізілді.

ШҚО-дағы бір ауылды су басу қаупі бар

Шығыстағы Ертіс суының деңгейі күрт көтеріліп келеді. Өзен бойында орналасқан ауылдардың бірі Уваровоны су басуы мүмкін, деп хабарлайды altaynews.kz.

Осыған байланысты Глубокое ауданында тасқынға қарсы дайындық жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова әлеуметтік желіде жазды.

"Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен және шаруа қожалықтармен бірлесе отырып жағалауға бөгет қоюға арналған материалдарды шұғыл дайындадық. Сондай-ақ тағы бір кішкентай өзеннің жағасына инертті материал салынған қаптар төселді", – деп жазды Глубокое әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу