Аталған жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен мамандандырылған ұйым қызметкерлері жүргізді.
Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 74 см болған.
"Мұз кептелуі жағалауларды су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермес мақсатында жару жұмыстары жүргізіліп, мұз ұсақталады. Зубовск кентінің ауданындағы өзенде су тасқыны қаупі бар учаске пысықталды. Ұсақталған мұздың жалпы ауданы – 16 000 шаршы метр", - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу