ШҚО-дағы екі ауданға жаңа әкімдер тағайындалды

1014

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Глубокое ауданына Ерлан Аймұқашевті, ал Алтай ауданына Қалихан Байғонысовты әкім ретінде таныстырды.  

ШҚО-дағы екі ауданға жаңа әкімдер тағайындалды

Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып бастады. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт басқармасының басшысы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. Ал 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімі лауазымын атқарды. 2018 жылдың мамырында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Қалихан Байғонысов 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында туған. 1984 жылы Өскемен қалалық жол-құрылысы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Мәскеудің қазіргі заманғы гуманитарлық институтын "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын Катонқарағай ауданының Коробиха кеңшарында қарапайым жұмысшы, автомеханик ретінде бастады. Черняховский атындағы кеңшардың бас инженері, директордың орынбасары, партком хатшысы болып жұмыс істеді.

1994-1996 жылдары Коробиха кеңшарын басқарды. 1998-2001 жылдары Катонқарағай ауданының Белов ауылдық округінде әкім болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болса, кейіннен Бесқарағай ауданына әкім болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін Глубокое ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу