ШҚО-дағы ең төмен және ең жоғары жалақы алатын аудандар анықталды

912

ШҚО-дағы ең төмен және ең жоғары жалақы алатын аудандар анықталды

2018 жылғы 1 тоқсанда облыста бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 126,6 мың теңгені құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша салалық құрылымдарың жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтердегі қызметкерлерде (240,9 мың теңге) байқалды, бұл орташа облыстық деңгейден 90,3%-ға жоғары, қаржылық және сақтандыру қызметінде – 177,6мың теңге (40,3%-ға), өнеркәсіпте – 175,7 мың теңге (38,8%-ға), ақпарат пен байланыста жалақы 152,1 мың теңге (20,2 пайыз болып байқалған. Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлеріне -94,8 мың теңге (облыс бойынша орташа шамадан 25,2%-ға төмен), өзге де қызмет түрлерін көрсетуге – 91,8 мың теңге (27,5%-ға), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қызметкерлеріне – 90,3 мың теңгеден (28,7%-ға) –келеді.

Аудан мен қалалар бөлінісінде ең жоғары жалақы Курчатов – 168,9 мың теңге, Риддер – 148,9 мың теңге, Аягөз ауданында – 146,4 мың теңге және Өскемен қаласында – 142,2 мың теңге; ең төмен жалақы – Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай және Катонқарағай аудандарында (облыс бойынша орташа деңгейден 34-37%-ға төмен) қалыптасты. Қалған өңірлердегі оның көлемі 84-137 мың теңге аралығында ауытқиды.

2018 жылғы 1 тоқсанда біздің облыс бойынша орташа айлық жалақы республикалық көрсеткіштен 17,0%-ға төмен болып тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу