ШҚО-дағы ең ұзын жол жүк көліктеріне ақылы болады

403

Жол қарыз қаражатына салынып жатыр.

ШҚО-дағы ең ұзын жол жүк көліктеріне ақылы болады Фото: gov.kz

Омбы-Майқапшағай тасжолының жөндеу жұмыстары проблемаға толы болды. Құқық қорғау органдарының назарына ілінген бұл бағыт қолданысқа берілсе ақылы болмақ екен. Бұл жөнінде облыстың жаңа әкімі құрылыс барысына барғанда мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазір жұмыс жүріп жатқан жолда көліктерге сағатына 70 шақырым жылдамдықтан асыруға болмайды. Онда қазақстандық-қытайлық компаниялар жұмыс істеп жатыр. Мұнда 214 техника және 400-ден астам адам жұмылдырылған.

ШҚО арқылы өтетін 231 шақырым жолдың 162,4 шақырымында жұмыстар аяқталды, қалған учаскеде асфальттың төменгі қабаты салынды.

Жобаның құны, ресми ақпаратқа сүйенсек, - 84 млрд теңге. Жол қарыз қаражатына салынған. Пайдалануға берілгеннен кейін жүк көліктеріне трассада жүру ақылы болады.

Жауапты органдардың мәліметіне сүйенсек, жол іске қосылғанда жылдамдықты 120 км/сағатқа дейін жеткізуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, жол бойында бес демалыс орны жабдықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу