ШҚО-дағы гепатит дауынан кейін бас дәрігер қызметінен кетті

1037

ШҚО-дағы гепатит дауынан кейін бас дәрігер қызметінен кетті

ШҚО Үржар ауданының бас дәрігері балалар арасында А гепатитінің өршуіне жол бергені үшін қызметінен кетті. Бұл туралы аймақтық ақпарат орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Шолпан ауылында балалар арасында А гепатиті өршіп, 6-сынып оқушысы көз жұмған болатын. Ауданның бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлин 49 баланың сарыауру жұқтырғанын айтқан еді. Қазір бұл ауылда бірнеше комиссия жұмыс істеп жатыр.

Республикалық деңгейдегі мамандар әзірге ресми түрде 31 оқушының ауру жұқтырғанын растады. Ал қыз баланың өлімі мен аурулардың нақты саны әлі де тексеріліп жатыр. Комиссия ата-аналардан науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдау, сондай-ақ амбулаториялық емдеу кезінде ақша алынған жайттарды да анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу