ШҚО-дағы індеттің таралу көзі – көпшілік орындар – Даниал Ахметов

691

Облыс әкімі өңірдегі  эпидемиологиялық тексерудің алғашқы нәтижесін айтты.

ШҚО-дағы індеттің таралу көзі – көпшілік орындар – Даниал Ахметов

Шығыс Қазақстанда коронавирустың өршуіне ірі кәсіпорындардың қатысы жоқ. Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте Даниал Ахметов осындай мәлімет айтты.

"Ауру тарап жатқан орын деп  халық көп жиналатын орындарды айтуға болады. Бұқаралық орындар, қоғамдық көлік, міне осы орындар сіздің сұрағыңызға нақты жауап бола алады. Біз мұны анық біліп отырмыз. Сондықтан да шектеу шараларын қабылдадық. Егер байқасаңыз, Өскемен, Риддер, Серебрянск, Алтай қалалары мен Глубокое ауданына кіруге тыйым салып отырмыз. 
Ірі кәсіпорындарда ешқандай жаппай ауру жұқтыру тіркелген жоқ. Мысалы, "Қазцинк" ЖШС-інде бүгінге дейін 104 адам коронавируспен ауырған. Бірақ бұл пандемия басталғаннан бергі көрсеткіш. Шығыс Қазақстанда вирустың тарататын негізгі көз бүкіл Қазақстан мен әлем сияқты адамдар жаппай шоғырланатын орындар болып тұр", - деді Даниал Ахметов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу