ШҚО-дағы компания шетелге газды арзан бағада сатып келген

463

Бас Прокурордың наразылығы бойынша жер қойнауын пайдаланушы бюджетке 6 млрд теңгеден астам ақша төлеуге міндетті.

ШҚО-дағы компания шетелге газды арзан бағада сатып келген

Шығыс Қазақстан облысының газ өндіруші кәсіпорны 2015 жылдан 2019 жылға дейін газды әлемдік нарықтық бағадан құнын төмендетіп сатқан және шетелге жөнелткен.

Салықты қосымша есептеу туралы фискалдық органның шешімімен келіспей, компания оның хабарламасына қарсы шығып сотқа берген.

Бұл даудың нүктесін Жоғарғы Сот қойды және Бас Прокурордың наразылығы бойынша салықтар мен өсімпұлдарды қосымша есептеу негізді деп тапты.

2023 жылдың өткен кезеңінде прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 210 сот актісі жойылып, өзгертілді, 14,9 млрд теңге сомаға мемлекеттің мүдделері қорғалды.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулер мен талдаулардың нәтижелері бойынша мемлекетке тағы 16 млрд теңге өтелді.

Осылайша, прокуратура органдары ел бюджетін 31 млрд теңгеге толықтыруды қамтамасыз етті, сондай-ақ мемлекетке қосымша заңсыз берілген және пайдаланылмаған 36 млрд теңгеге жер учаскелерін қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу