ШҚО-дағы қонақ үйдің бірінде 500 грамм "синтетика" тәркіленді

535

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

ШҚО-дағы қонақ үйдің бірінде 500 грамм "синтетика" тәркіленді Фото: azattyq-ruhy.kz

Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде есірткі ораумен айналысқан әйел ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, қараша айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ертіс полиция бөлімінің КПБ және ШҚО Полиция департаменті КҚО-мен бірлесіп, қаладағы қонақ үйлердің бірінің бөлмесінде интернет-дүкеннің есірткі ораушысы ұстады.

Ұсталған әйелдің сөмкесінде скотч-лентамен байланған ұнтақ пен түйіршік орамы табылып, тәркіленді. Бұл салмағы 500 грамм  болатын "Альфа-PVP" психотропты заты екені белгілі болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу