"ШҚО-дағы коронавирустың өсімі экспотенциалды емес"

524

Шығыс Қазақстандағы COVID-19 індетінің тоқтаусыз өсу себебін ДСМ өкілдері нақты айтып бере алмай отыр. Орталық коммуникациялар қызметіне келген вице-министр Ерлан Қиясов пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың жауаптарынан осындай ой түюге болады.  

"ШҚО-дағы коронавирустың өсімі экспотенциалды емес"

"Шығыс Қазақстанда вирустың өсімі жоғар болуы тестілеу сандарының жоғарылауына байланысты. Сонымен қатар көп науқастар өзге өңірлерден, не болмаса өзге мемлекеттерден келіп жатыр. Оны әлі күнге дейін біз қазіргі уақытта зерттеп жатырмыз. Ең басты мәселе, ПТР-тестілеу жоғары деңгедей жүргізіліп жатыр" – деді Ержан Байтанаев.

Ал вице-министр өңірдегі қазіргі жағдай шетін емес деген ой айтты.

"ШҚО-да қабылданған шектеу шаралары бізге қазіргі өсім экспотенциалды сипатқа жеткен жоқ деп айтуға мүмкіндік беріп отыр. Егер  қазіргі шектеулер қабылданбаған болса, екі есе өсімге тап болар едік. Қазіргі жағдай бір деңгейде, тұрақты деуге болады. Жалпы алсақ, өзге өңірлерге қарағанда айтарлықтай өсім бар. Күн сайын 230-240 жағдай тіркеледі. Егер шектеу шараларын енгізбесек, бұл көрсеткіш 3-4 есе жоғары болатын шығар", – деді Ерлан Қиясов. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу