ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі індет кезінде табысынан айырылған және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі "Мектепке жол" атты акциясына үн қосқан болатын.
Облыстық мешітте өкілдіктің "Зекет" қорының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына оқу-құралын табыс ету шарасы өтті. Бұл ретте 200 оқушыға оқуға қажетті құралдар үлестірілді.
Игі бастама үшін ата-аналар өкілдікке ризашылықтарын білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу