Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals Тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Орлов шахтасында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды 24.kz.
Шахтаның он екінші жерасты қабатында ес-түссіз жатқан 3 жұмысшы табылған. Өкінішке қарай олардың екеуі көз жұмған. Ал тағы біреуі ауруханаға түсті.
"Қазір оның жағдайы тұрақты дейді", – мекеме өкілдері.
Өндіріс орны өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиғаның себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу