ШҚО-дағы орман өрті оқшауланды

394

 Өрттің алдын ала аумағы 13 гектарды құрады. 

ШҚО-дағы орман өрті оқшауланды Фото: canva

Бүгін Ұлан ауданындағы "Аюда" шатқалында орналасқан "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" мекемесінің аумағында құрғақ шөп, бұталар және орман өсімдіктері жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өртті сөндіруге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ТЖД күштері мен құралдары, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің десантшылары, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жаяу топтармен жүргізілді. Сонымен қатар әуеден су төгу жұмыстары жүзеге асырылды. ТЖМ авиациясы 13 мәрте су ағызуды жүзеге асырып, жалпы көлемі 39 тонна су төкті.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтарын оқшаулауға және жалынның ауқымды аумаққа таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу