ШҚО-дағы өрт бойынша елдімекендерге қауіп жоқ

511

Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи өрт бойынша елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО-дағы өрт бойынша елдімекендерге қауіп жоқ

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Күршім ауданында 1 800 гектарды, Алтай ауданында 1 400 гектарды, Катонқарағай ауданында 1 900 гектарды жалын шарпыған.

Сонымен қатар Құйған ауылдық округі аумағында жетуі қиын жерлердегі шөп пен бұталар өртенген. 200 гектар аумақты өрт шарпыған. Оның ішінде 17,5 гектарды қамтитын орман аумағында өрт ауыздықталды. Тілсіз жау далалық аймақта жалғасып жатыр.

Тілсіз жаумен ШҚО Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері күресіп жатыр. Бұдан бөлек техникалар мен тікұшақтар да жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу