ШҚО-дағы өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды

753

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласының маңындағы өртке байланысты облыстық департамент жанынан шұғыл телефон желі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

ШҚО-дағы өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды

"Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Өртке оранған аумақ 310 гектарға жетті. Салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылыс бүлінген. Жұмылдырылған жұмыс күші мен техника өртті ауыздықтауға жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылады", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жанынан құрылған шұғыл желіге тұрғындар 8(7232) 55-38-19 нөмірі бойынша жүгіне алады. Аталған желі арқылы өрттен зардап шекендер мен олардың жақындарына психологтар көмек көрсетеді. Сондай-ақ, Талғат Уәли облыстық департамент базасында осы оқиға бойынша дағдарыс орталығының жедел штабы құрылғанын мәлім етті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу