ШҚО-дағы су басқан аумақтардың жоғарыдан түсірілген видеосы жарияланды

1109

ШҚО-дағы су басқан аумақтардың жоғарыдан түсірілген видеосы жарияланды

ШҚО ТЖД су басқан аумақтардың жоғарыдан түсірілген видеосын жариялады.

Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су алған аймақтың жағдайын білмекке ШҚО-ға іссапармен барды. Су басқан төңіректің төбесінен ұшу кезінде, Глубокое мен Шемонайха аудандарындағы нақты жағдайды көзбен көрді. 

Айта кетсек, бүгінде облыста үйлерді су басудың 481 фактісі тіркелді. Қазіргі кезде 171 үйде әлі су тұр. 628 үй мен 110 саяжайдың ауласына су кірді. Осыған орай Өскемен және Семей қалаларында, Жарма, Зырян, Күршім, Қатонқарағай, Ұлан аудандарында жоғары деңгейлі дайындық режимі енгізілген. Облыстың үш ауданында – Аягөз, Глубокое, Шемонайха аудандарында табиғи апаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу