ШҚО-дағы сынақ алаңында жабайы жануарлар көбейді

1279

ШҚО-дағы сынақ алаңында жабайы жануарлар көбейді

Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ алаңы аумағында жабайы жануарлар көбейе бастады, деп хабарлайды 24Хабар.

Өткен жылы ғалымдар Дегелең тауынан Қызыл кітапқа енген арқарлар тобын байқаған. Атом салдарынан бүлінген көлдерде бүгінде балықтар пайда болған. Еліміздегі ұлттық ядролық орталық мамандары бұрынғы полигон аумағында жабайы жануарлардың көбеюінің себебін түсіндірді.

"Мүмкін ол жерде өмір сүру қолайлы бола бастаған шығар. Біз Дегелең аумағына арнайы қорған орнаттық. Онда қорғаныстың үш деңгейі қарастырылғандықтан, қазір ешкім бара бермейді. Сондықтан, жабайы жануарлар үшін ол аймақ қолайлы, әрі қауіпсіз болған шығар", –  ҚР ҰЯО бас директоры Ерлан Батырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу