ШҚО-дағы жылу энергиясын беретін мекемелер тұтынушыларға қарыз

866

Олар бүгінге дейін "негізсіз" табыс тауып келген. Енді халыққа қарызын тарифті уақытша төмендету арқылы қайтарады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

ШҚО-дағы жылу энергиясын беретін мекемелер тұтынушыларға қарыз

Аталмыш комитеттің Шығыс Қазақстандағы департаменті облыс аумағындағы шаруашылық жүргізуші мекемелердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жұмысына және 2020 жылға арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы есебіне талдау жүргізді.

"Талдау барысында мекемелердің негізсіз табыс тауып келгені белгілі болды. "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізуші мекемесі тұтынушыларына тарифті 6,93%-ға (1м3 78,07 теңгеден 72,66 теңгеге)  уақытша төмендетеді. Осылайша тұтынушыларға 10 647 843,68 теңге мөлшерінде негізсіз табыс сомасы қайтарылады", – деп жазылған ресми ақпарат бойынша. Ал "Көкпекті" шаруашылық мекемесі тұтынушыларына тарифті 10,43%-ға (1м3  222,76 теңгеден  199,53 теңгеге) уақытша төмендетеді. Демек 482 043,09 теңге мөлшерінде негізсіз табыс сомасы қайтарылады.

Департаменттің бұйрығына сәйкес, "Шемонаиха су арнасы" компаниясы тұтынушыларына тарифті 0,14%-ға (1м3 249,23 теңгеден 248,88 теңгеге) уақытша төмендетеді. Тұтынушыларға 85 114,35 теңге мөлшерінде негізсіз табыс сомасы қайтарылады. "Ауэзовские коммунальные услуги" компаниясы тұтынушыларына тарифті 0,01%-ға (1м3 6469,74 теңгеден 6469,59 теңгеге) уақытша төмендетеді. Осылайша 1 725 286,93 теңге мөлшерінде негізсіз табыс сомасын қайтарады. 
Бұл белгіленген жаңа тарифтер 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар департамент бұл мекемелерді ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша тарифтік сметалар шығындарының баптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға жалпы сомасы 15 401 760 теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу