Шығыс Қазақстан облысында шаңды дауыл жүріп өтті. Алдын ала ақпарат бойынша, қатты жел 35 ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Жарма, Ұлан және Глубокое аудандары зардап шекті. Өскемен қаласында да ағаштар құлап, бірнеше көлікті басып қалған. Ауруханаға 5 адам жеткізілді. Жарма ауданының ҚалБатау ауылында желдің жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен. Облыс бойынша бірнеше елді-мекен 2-3 сағатқа жарықтан ажырап қалды. Жергілікті халықтың айтуынша, шаңды дауыл кеше сағат күндізгі 16:00-де басталып, 20 минутқа дейін созылған. Осы аралықта "112" және "101" желісіне тұрғындардан 100-ге жуық қоңырау түскен.
Анастасия Вебер Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы: "Тұрғындар, әрине қатты алаңдады. Біз олардың әрбір қоңырауын қабылдап, қазіргі уақытта қаладағы және аудандардағы төтеншежағдайлар бөлім мамандары барлық жағдайлар бойынша жұмыс істеп жатыр".