ШҚО экономикасындағы шағын-орта кәсіпорындардың үлесі артты

1172

ШҚО экономикасындағы шағын-орта кәсіпорындардың үлесі артты

2017 жылғы 1 желтоқсанға Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 81310 бірлікті құрады, соның ішінде заңды тұлғалар – 9928, дара кәсіпкерлер – 56758, шаруа (фермер) қожалықтары – 14624 бірлік. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың жалпы саны 80338 бірлікке жетті, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

2017 жылғы 1 шілдеге шағын және орта бизнес саласында 235,1 мың адам еңбек етті, бұл 2016 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда  0,5%-ға аз.

Есептік деректер бойынша 2017 жылғы 1 жартыжылдықта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 289,6 млрд теңге сомасына өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 13,4%-ға көп. Шығарылған барлық өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) 76%-дан астамын заңды тұлғалар өндірген, шаруа (фермер) қожалықтардың үлесіне 10,4%-ы, дара кәсіпкерлерге 13,6%-ы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу