ШҚО-ға 59 жедел жәрдем көлігі алынады

1273

Астана Моторс компаниясы шығарған Hyundai H350 автомобильдері алдағы екі жылда барлық облысқа таратылады. 

ШҚО-ға 59 жедел жәрдем көлігі алынады

ШҚО-ға 59 жедел жәрдем көлігі алынады. Бұл туралы облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Астана Моторс компаниясы шығарған Hyundai H350 автомобильдері алдағы екі жылда барлық облысқа таратылады. Биылдың өзінде 400-дей көлік жан-жаққа жөнелтілді. Соның 59-ы Шығысқа жеткізіледі

"Автомобильдер толықтай жабдығымен келеді. 59 көліктің тоғызы – С класты реанимобиль. Көліктердің барлығы дизельмен жүреді. Бірақ суық өңірлерге арнап оларға пеш орнатылған. Айта кетейік, бізде мұндай жүйемен жүретін көліктер бар. 2017 жылы екі Мерседес алынған болатын. Сондықтан жаңа көлік қандай болар екен деп алаңдауға негіз жоқ", – деді жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Ластаев.

Оның айтуынша, жаңа көліктердің 17-сі Семейге барады. Қалғаны Өскемен мен оның маңайындағы елдімекендерге "қызмет етеді". Ал Өскеменде бүгінге дейін жүрген көліктердің (барлығы 32) біразы жарамсыз болғандықтан қатардан шығарылады. Қалғаны аудандарға жөнелтіледі.

"Біз енді келесі кезекте аудандардағы жедел жәрдем бекеттерін жабдықтауды қолға аламыз. Аудандарға жол талғамайтын, асты биік көліктер керек", – деді бас дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу