ШҚО-ға қосымша қаржы бөлінеді

854

ШҚО-ға қосымша қаржы бөлінеді

Ауыл шаруашылығын шағын несиемен қамтуы үшін ШҚО-ға қосымша қаржы қарастырылады, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Мемлекет "Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жалпыға бірдей кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша былтырдан бастап ауыл тұрғындарына жеңілдікпен шағын несие беріп келеді.  Биыл шағын несие көлемі 20 млрд теңгеге ұлғайтылып, 62 млрд теңгеге жеткізілетін болды.

Алдағы уақытта  ауыл шаруашылығын шағын  несиемен қамту үшін  ШҚО-ға  қосымша қаржы бөлінбек. Қазір "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстағы  филиалдары ауыл тұрғындарынан, кәсіпкерлерден, шаруа қожалықтарынан шағын несие алуға байланысты өтінімдерді қабылдап  алып жатыр. Осы уақытқа дейін 1000-ға тарта өтінім қабылданған.

"Облыстағы ауыл шаруашылығына шағын несие берумен айналысып отырған қаржы институттарына 2 млрд 134 млн теңге бөлінген болатын. Жуықта біздің облыстың қосымша тапсырысы бойынша тағы да 1 млрд 100 млн теңге шағын несие қаржысы бөлінбек. Сонда,  биыл шағын несие көлемі артып, барлығы  3 млрд 234 млн теңгеге жеткізіледі", — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Владимир Гайламазян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу