ШҚО-ға тамызда 100 жедел жәрдем көлігі әкелінеді

1088

 Семейге – 41, Өскеменге – 75 жабдықталған көлік бөлінбек.

ШҚО-ға тамызда 100 жедел жәрдем көлігі әкелінеді

Тамыз айынының ортасында ШҚО-ға 100 жедел жәрдем көлігі әкелінеді. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әкімдікте өткен жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Тамызда жабдықталған 100 жедел жәрдем көлігін аламыз", – деді Даниал Ахметов.

Ол Денсаулық сақтау бақармасының басшысы Ильяс Мұхамеджанға 1 тамызға дейін құрамдау бойынша жұмыстарды аяқтап, көліктерді алдын ала бөліп беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Қазір Өскеменде жедел жәрдемнің 32 посты жұмыс істеп тұр. Бұлар қала мен қала сыртындағы Самсоновка, Тас карьері, Ново-Троицкое секілді аудандарға қызмет көрсетеді. Автокөліктердің көбі ескірген, жиі сынып, істен шығып қалады. Бір көлік мүлде апатты жағдайда. Семейде 2 жыл бұрын сатып алынған 25 автокөлік пен 9 жалға алынған көлік бар.

Жыл соңына дейін Жедел жәрдем станциясы ҚДБ-Лизинг бағдарламасы бойынша берілетін көліктерді күтіп отыр. Семейге – 41, Өскеменге – 75 жабдықталған көлік бөлінбек.

"Біз медициналық колледждің 25 түлегін қабылдадық. Олар міне ғана диплом алып отыр. Сондай-ақ, фельдшерлер мен диспетчерлерді жұмысқа қабылдап жатырмыз. Жаңа көліктер жеткізілгенге дейін бригадалар құрылады", – дейді облыстық Жедел жәрдем станциясының жетекшісі Марат Ластаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу