ШҚО ірі өндіріс ошақтарында өткен жылы 19 жұмысшы мерт болған

754

Қауіпсіздік шараларының сақталмауынан өткен жылы 200 жұмысшы жарақаттанған

ШҚО ірі өндіріс ошақтарында өткен жылы 19 жұмысшы мерт болған

ШҚО-дағы ірі өндіріс ошақтарында техникалық қауіпсіздік шараларының сақталмауынан өткен жылы 200 жұмысшы жарақаттанып, 19 жұмысшы көз жұмған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Аталмыш облыс прокуратурасында ірі кәсіпорындардағы еңбек және қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Өкінішке қарай, жиын нәтижесінде жоғарыда аталған көрсеткіштер тіркеліп отыр.

"Прокуратура 19 мың адам еңбек ететін екі кәсіпорын – "Казцинк" ЖШС мен "Востокцветмет" ЖШС-да тексеру жұмыстарын жүргізді. 1500 тәртіп бұзушылық анықталды. Айталық, еңбек шартының бұзылуы, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, өндірістік жарақат фактілерін жасыру және т.б"– дейді ведомство баспасөз қызметінен.

Бұл алып өндіріс ошағының әрбір үшінші кенішінде қауіпсіздік талаптары сақталмайтынын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу