ШҚО кәсіпкерлері демалыс аймақтарын ашуды талап етуде

884

Алакөлдің Алматы жағындағы аймақтары жабылмаған.

ШҚО кәсіпкерлері демалыс аймақтарын ашуды талап етуде

Шығыс қазақстандық кәсіпкерлер облыс әкімінен демалыс аймақтарын ашуды талап етуде. Олар Даниал Ахметовтен Алакөл маңындағы мекемелердің 30 тамызға дейін жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың айтуынша, осы демалыс маусымына билеттер сатылып, сонымен қатар барлық санитарлық талаптар сақталыпты. Әйтпесе, кәсіпкерлер жұмыссыз қалып, біраз қызметкерлерін  босатуға мәжбүр болмақ. Ал қалғандарына айлық төлей алмайтын жағдайға түседі.

Сондай-ақ туристік орталықтардың басшылары Алакөлдің Алматы жағындағы аймақтары жабылмағанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу