ШҚО кәсіпорындары күнбағыс майына деген сұранысты толық жабуға дайын

851

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып кәсіпкерлермен және өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді.  

ШҚО кәсіпорындары күнбағыс майына деген сұранысты толық жабуға дайын Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (СҚО тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы дамыған өнеркәсібі мен өсімдік шаруашылығымен танымал. Табиғат байлығы мол, егіс алқаптары шексіз өңірдің ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндігі зор. Биыл өңірде кросс-док, көкөніс қоймалары, қонақ үй, асхана, ветеринарлық зертхана және кедендік бақылау орны бар қуатты хабты пайдалануға беру жоспарлануда. Бірінші кезеңде, осы жылдың тамыз айында "Алтай" көтерме-тарату орталығы үшін әрқайсысы 10 мың шаршы метрді құрайтын екі көкөніс қоймасын іске қосу көзделген. КТО директоры Жанболат Казановтың айтуынша, нысанның 80%-ы дайын. Екінші кезеңде, 2024 жылы ет, балық, сүт, бал орау нысандары, тәулігіне бір тонна нан өндіретін наубайхана салынады. ШҚО әкімі Даниал Ахметов кәсіпорынның әлемдік стандартқа сай сападағы балды сатып алып, экспортқа жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Өскеменде Серік Жұманғарин ірі сауда желісінің супермаркетін аралап, оның бағасымен танысып, ұсынылған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сапасы мен ассортиментіне баса назар аударды. Сонымен қатар ол Глубокое ауданының Предгорное ауылында болды, онда өткен жылы "Altyn Shyghys" ЖШС өсімдік майларын өндіру зауытын – күнбағыс, рапс, зығыр, мақсары және соя зауыты техникалық іске қосу жүзеге асырылды. 2022 жылы кәсіпорын 58 мың тонна май өндірді. Алдағы жылдары терең өңдеу жабдықтарын, тазарту цехын қою жоспарлануда. Оны 2026 жылы іске қосу көзделген.

Кәсіпорын директоры Ербол Әбдіқалықовтың айтуынша, қуаттылығы тәулігіне 500 тоннаға дейін жететін тазартуды іске қосқаннан кейін Қазақстан елімізде өндірілген тазартылған күнбағыс майымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу