ШҚО құтқарушылары су айдындарының мониторингін күшейтуде

244

Шомылу маусымы қызу кезінде Шығыс Қазақстанның көптеген су айдындарында патрульдеу күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО құтқарушылары су айдындарының мониторингін күшейтуде Фото: ТЖМ

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері демалушыларға жағажайларда суда жүріс-тұрыс ережелерін үйрету бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Патрульдеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады. Жағалау аймақтары мен жағажайларды аралау үшін құтқарушылардан басқа ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері мен еріктілер жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ мамандары ескертеді: 

Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз.

Жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз.

Балаларды судың жанында жалғыз қалдырмаңыз.        

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу