Кеше Өскемен әуежайына Қытайдан 14 тонна жүк жеткізілді. Оның ішінде 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмі, 80 мың респиратор, 10 мың данадан COVID-19 қарсы медициналық қорғаныс маскалары, экрандар мен көзілдіріктер бар. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов хабарлады.
⠀
"Осылайша, біз облысымыздың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеміз",– дейді әкім фейсбуктегі жазбасында.
⠀
Қытайлық "Сан Бао" компаниясы өз есебінен қосымша Alena-310 маркалы 2200 қорғаныш маскасын, сондай-ақ қан алуда қолданылатын бір реттік инелер мен градуирленген пипеткалардың 100 мың данасын жіберіпті.
⠀
Медициналық тауарлар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау "Парыз" қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылған.