ШҚО-лық оқушы картоп өнімділігін арттыратын жоба жасап шығарды

509

Шығыс Қазақстан облысындағы 4-сынып оқушысы картоп өнімділігін арттыратын жоба жасап шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-лық оқушы картоп өнімділігін арттыратын жоба жасап шығарды Фото: inform.kz

Облыстық дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің оқушысы Денис Лагутин картоп өнімділігін арттыратын жоба жасап шығарды.

Ол органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, микроклоналды көбею әдісімен картопты сауықтырудың жолын ойластырған. Негізінен пияз, жұмыртқа қабығы, банан қабығын, шай жапырақтары, қызылша қабығы мен цитрус қабығын пайдаланған. Денистің бұл жобамен айналысқанына екі жыл болып отыр.

– Тәжірибе алты шелекте жүргізілді. Атап айтқанда, тыңайтқыш қосылмаған үш бақылау, үш минералды және үш органикалық. Тыңайтқыш көп болмаған бақылау контейнерінен мен 10 дана картоп алдым, минералды тыңайтқышпен – 15, ал органикалық тыңайтқышпен – 17, – дейді 4-сынып оқушысы Денис Лагутин.

Гипотезаны растағаннан кейін Денистің жобасы аяқталады. Содан соң ол басқа зерттеу тақырыбын таңдап, ғылымдағы еңбегін ары қарай жалғастырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу