ШҚО мектептерінде әр сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс

977

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

ШҚО мектептерінде әр сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс

ШҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектеп оқушылары дәстүрлі форматта оқиды. Талап бойынша әр сыныптағы бала саны 25 адамнан аспауы тиіс.

"Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топта оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілген. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде барлық сынып оқушылары бала санын 25 адамнан асырмай, аралас форматта оқытылады. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері үшін штаттық оқыту жалғасады" делінген құжатта.

СОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 2,9%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,933.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу