ШҚО-ның 5 шағын қаласына шағын кәсіп үшін 64,5 миллион теңге бөлінеді

959

ШҚО-ның 5 шағын қаласына шағын кәсіп үшін 64,5 миллион теңге бөлінеді

ШҚО 5 шағын қаласында жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ШҚО басшысы Даниал Ахметов әкімдік отырысында мемлекеттік гранттарды бірінші кезекте 5 шағын қалаға беруді тапсырды.

Айта кету керек, өңірге бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 миллион теңге қарастырылған. Жалпы облыс бойынша ауылдар мен кіші қалалардағы 1078 адамды шағын несиемен қамту жоспарланып отыр. 

2018 жылы 2,1 миллиард теңгеге шағын несие алуға 611 өтініш келіп түскен. Жалпы қаражаттың бұл санатын игеруде Тарбағатай ауданы 705 миллион теңгемен көш бастап отыр. Алайда Өскемен, Семей қалалары мен бірнеше ауданның белсенділігі төмен.

"Шағын несие алуға 2,1 миллиард теңгеге өтініш түсті. Бұл ретте жоғары көрсеткіш Тарбағатай ауданында. 705 миллион теңге игерілген. Алайда Өскемен мен Семей қалалары, сондай-ақ, Шемонаиха, Күршім және Жарма аудандары соңғы орында қалды. Әкімдер неге қол қусырып отыр? Арнайы комиссия құрып, бұл мәселенің мән-жайын анықтауды және нақты кешенді жұмыс жасауды тапсырамын", - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы мемлекеттік гранттарды бизнес бастамаларды жүзеге асыратын "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту" бағдарламасының қатысушыларына беруді тапсырды. Ал бөлінер қаражат көлемі 100 АЕК дейін болмақ. Олар қажетті құрал-саймандарды, технологиялық жабдықтар алуға жұмсалуға тиіс.   

"Мемлекеттік гранттарды беру туралы арнайы жоспар құрып, нақты жүзеге асу барысын жазу қажет. Бұл ретте басты назарды ШҚО-ның бес шағын қаласына, атап айтқанда, Аягөзге, Риддер, Зырян, Курчатов және Серебрянскіге басымдық беру керектігін атап өтемін", - деді облыс әкімі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу