ШҚО-ның әлеуметтік көмек орталығында 4 бала қайтыс болды

627

ҚР Ішкі істер министрлігі істің тергелуін өз бақылауына алды.  

ШҚО-ның әлеуметтік көмек орталығында 4 бала қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығының 4 тәрбиеленушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Аталмыш балалар орталығынан 10-ға жуық бала "қызылша" диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Кейбірінен ішек инфекциясы анықталды. Салдарынан төрт бала қайтыс болды.

"ҚР ҚК 317-бабы 4-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сәйкес сараптамалар тағайындалды", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу