Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі болып Ернар Мұстафин тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ернар Рысқазыұлы 1980 жылы 17 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "көлік инженері" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шар қаласындағы "Шар Көлігі" ЖШС-де механик болып бастады. 2006 жылы Өскемен қаласындағы "Дайда" ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалып, осы қызметте тоғыз жыл жұмыс істеді.
2017-2019 жылдар аралығында "Өскемен жолаушылар тасымалын басқару орталығы" ЖШС директорының орынбасары, бірінші орынбасары, кейін директоры болған.
Қазіргі қызметке тағайындалмас бұрын ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымын атқарды.