ШҚО-ның әрбір тұрғыны жылына үш жүз литрдей сүт ішеді

545

Шығыс Қазақстан облысы өткен жылы сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша елімізде бірінші орынға шықты.

ШҚО-ның әрбір тұрғыны жылына үш жүз литрдей сүт ішеді

Статистер өңірдің әрбір тұрғын жылына қанша келі сүт өнімін тұтынатынын есептеп берді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Шығыс Қазақстан облысы өткен жылы сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша елімізде бірінші орынға шықты.

"Соңғы бес жылда сиыр сүтін өндіру 20,5%-ға артты: 2015 жылы 789,5 мың тонна болса, 2019 жылы 951,4 мың тоннаға жетті.  Өңір тұрғындарына шағатын болсақ, бір адам жылына 291 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынады", – деп мәлімдеді статистика департаменті.

Статистердің сөзіне сүйенсек, қазір аймақ көлемәнде 548,9 мың бас сиыр бар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 17,5 мың, шаруа қожалықтарында 279,1 мың, қарапайым халықтың қолында 252,2 мың бас ірі қара бар. Бір жылда бір сиырдың сүтіненен 3951 келі сүт өнімі өндірілетін көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу