ШҚО-ның бірнеше ауылында қардың салдарынан электр сымдары үзілді, деп жазады inbusiness.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, өткен демалыс күндері Глубокое ауданында қалың қар жауған. Бобровка ауылының тұрғындары бір тәуліктен артық жарықсыз отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бірнеше көшеде электр сымдары үзілген.
"13 қарашада Өскеменнен Бобровкаға бардым. Жол тазаланбағандықтан әрең жеттім. Қарсы бетте келе жатқан көліктермен өту мүмкін емес. Ауылдағы жолды да қар басқан. Бәлкім осы себептен электриктер электр желілеріндегі ақауларды тез арада жоя алмады, өйткені көлікпен өтуге мүмкіндік болмады", - деді Бобровка тұрғыны.
14 қараша таңертеңгі жағдай бойынша, Бобровкада электр энергиясы жоқ. Мұнда орталық сумен жабдықтауда да мәселе туындаған. Кранның суы баяу ағып тұрған көрінеді.
"Быструшинск әкімдігі Зимовье ауылында сымдардың мұздануы мен қардың қалың жаууына байланысты сымдардың үзілгенін хабарлады. 13 қарашадағы жағдай бойынша электр қуаты ішінара қалпына келтірілген. Бұдан бөлек Тарханка ауылында да электр сымдары үзілген", - деп жазылған хабарламада.