ШҚО-ның бірнеше шенеунігі жемқорлық әрекеттері үшін ұсталды

380

Өскемен қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жасақтау бөлімінің бастығы және Полицияның басқарма қызметкерлері әшкереленді. 

ШҚО-ның бірнеше шенеунігі жемқорлық әрекеттері үшін ұсталды Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жедел-тергеу қызметі жайлы хабарлама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдырғаны үшін ҚР азаматтарынан бірнеше рет пара алу бойынша күдікті.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс сотқа жіберілді", — деп түсіндірді Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша, Өскемен қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларын және басқа да адамдарын жемқорлық әрекеттері үшін әшкереледі.

Олар мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Өскемен қаласының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу