2017 жылғы қаңтар-мамырда Шығыс Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 523,4 млн долларды, соның ішінде экспорт 92,0 млн АҚШ долларын (Ресей Федерациясымен – 79,7, Беларусь Республикасымен – 0,5, Қырғыстан Республикасымен – 11,8 млн АҚШ доллары), импорт 431,4 млн АҚШ долларын (Ресей Федерациясымен – 379,4, Беларусь Республикасымен – 13,4, Қырғыстан Республикасымен – 38,6 млн. АҚШ доллары) құрады, деп хабарлайды статистика комитеті.
2017 жылғы мамырдағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес Ресей Федерациясына 16,60 млн АҚШ доллары сомасына экспортталды, 105,0 млн АҚШ долларына импортталды. Экспорттың негізгі үлесі тауарлардың мынадай түрлеріне келеді: қымбат бағалы емес металдар мен одан бұйымдар – 50,1%, машиналар, жабдықтар мен механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 21,1%, минералды өнімдер – 12,8%, өсімдік тектес өнімдер – 9,0%. Облысқа Ресей Федерациясынан келетін импорттың негізгі үлесі мынадай тауар топтарынан құралған: машиналар, жабдықтар және механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 38,9%; минералды өнімдер – 22,9%; бағалы емес металдар және одан бұйымдар – 6,6%, пластмасса және одан бұйымдар – 5,4%; тастан жасалған бұйымдар – 3,3%.
2017 жылғы мамырда Беларусь Республикасымен арадағы экспорттық операциялар 0,2 мың АҚШ долларын, импорт бойынша тасымал 2,9 млн АҚШ долларын құрады. Шығыс Қазақстаннан машиналар, жабдықтар, механизмдер мен оның бөліктері – 57,2%, химия және онымен байланысты өндіріс саласының өнімдері – 41,4% экспортталды. Облысқа импорт бойынша түсімдердің негізгі үлесі мынадай тауар атауларынан қалыптасты: пластмасса және одан бұйымдар – 72,3%, машиналар мен жабдықтар – 10,0%, химия және онымен байланысты өндіріс саласының өнімдері – 5,7%.
Ағымдағы жылғы мамырда ШҚО-ның Қырғыстан Республикасымен өзара сауда көлемін құрады – 2,2 млн АҚШ доллар сомасындағы экспорттық операциялар, импорт - 8,4 млн АҚШ долларды құрады. Соның ішінде өсімдік тектес өнімдер – 68,3%, пластмасса және одан бұйымдар; каучук, резеңке және одан бұйымдар – 12,6%, минералдық өнімдер – 9,9%-құрады. Импорттың негізгі бөлігін минералдық өнімдер - 99,2%-ды құрады.