ШҚО-ның тоғыз ауданында перзентхана салынады

965

Оның бесеуі шекарадағы аудандар. Нысандар ең жоғары стандарттарға сәйкес жабдықталады.

ШҚО-ның тоғыз ауданында перзентхана салынады

Биыл Шығыс Қазақстан облысының шекара шебінде орналасқан бес аудан орталығына перзентхана салынады, деп хабарлайды.

"Барлығы тоғыз ауданда перзентхана салынады. Оның бесеуі шекарадағы аудандар. Нысандар ең жоғары стандарттарға сәйкес жабдықталады", – деп мәлімдеді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен 2020 жылы Тарбағатай, Үржар, Күршім, Катонқарағай және Зайсан аудандарында "Ана мен бала" орталығы бой көтереді. Осы үшін 25 маман Литва университеттерінде біліктілік шыңдауда. Сондай-ақ 1,6 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған.

Ал 2021-2023 жылдары Бородулиха, Шемонайха, Көкпекті және Жарма аудандары мен Риддер қаласындағы медициналық ұйымдар I деңгейден II деңгейге біртіндеп көшеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу