ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 7 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілмек

555

Шығыс Қазақстан облысындағы тұрақтандыру қорына 7 мың тоннадан астам көкөніс жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 7 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілмек

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тұрақтандыру қорына 2022-2023 жылдар аралығында 7 мың тоннадан астам көкөніс жеткізіледі. Оның ішінде 4863 тонна картоп, 1200 тонна қырыққабат, 800 тонна сәбіз, 500 тонна пияз. Көкөністің жалпы көлемі өткен жылғы деңгейден 1,1 есеге артып отыр.

"Бүгінде тұрақтандыру қорының павильондарында қанттың келісі 469 теңгеден сатылуда. Тазартылған күнбағыс майы – 630 теңге, қарақұмық – 420 теңге, жұмыртқаның бір данасы – 29 теңгеден саудаланып жатыр. Қырыққабаттың бір келісі - 120 теңге, картоп - 190, сәбіз - 240 теңге, пияз - 285 теңге", - делінген ақпаратта.

Абай облысында тұрақтандыру қоры әлі іске қосылмағандықтан "Ертіс" ӘКК" АҚ Семей қаласындағы павильондарға әлеуметтік маңызы бар өнімдерді жеткізуді жалғастыруда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу