ШҚО-ның үш ауданында мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды

599

ШҚО-ның үш ауданында мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды

Бүгін ауа температурасының төмендеуі мен үскірік желге байланысты Зырян, Көкпекті және Шемонаиха аудандарында оқушыларға сабақ болмайды деп хабарлайды kaz.altaynews.kz облыстық ТЖД сайтына сілтеме жасап.

Зырян ауданында таңертең ауа температурасы -33 градусты көрсеткен. Осыған орай бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Көкпекті ауданында 31 градусқа дейін аяз болатындықтан, бірінші ауысымның 1-9 сыныптарындағы оқушылар сабаққа бармайды. Ал Шемонаиха ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл жақта -23 градус аяз және қатты жел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу