ШҚО-ның үш ауданының әкімдері ауысты

1147

Аягөз, Зайсан және Тарбағатай ауданына жаңа басшылар тағайындалды.

ШҚО-ның үш ауданының әкімдері ауысты

ШҚО-ның үш ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін мәслихаттардың келісімі бойынша Аягөз, Зайсан және Тарбағатай аудандарына жаңа әкімдер тағайындадым", – деп жазды Даниал Ахметов.

Бұған дейін Тарбағатай ауданының әкімі болған Ділдәбек Тәжібайұлы Аягөз ауданын басқарады. Ал Зайсан ауданына Серік Қасымбекұлы Ақтанов келді. Тарбағатай ауданына 2014 жылдан бастап Үржар әкімінің орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов тағайындалды.

Даниал Ахмет жаңа басшылар туралы жақсы пікір қалдырып, олардың тәжірибелі қызметкерлер екенін атап өтті.

"Аталған аудандардың жаңа әкімдері сіз бен біздің үмітімізді ақтайды деген сенімдемін", – дейді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу