Даниал Ахметов: Бізге сондай көлік керек

1018

ШҚО-ның жедел жәрдем қызметіне Өзбекстанның "Isuzu" маркалы көлігі пайдаланылмақ.

Даниал Ахметов: Бізге сондай көлік керек

Өзбекстанда шығарылған "Isuzu" маркалы көлігі облыстағы жедел жәрдем бекеттеріне әкелінуі мүмкін, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Облыстық әкімдікте өткен жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семейде жәдел жәрдем көліктері жетіспейтіндігі айтты. Мұны естіген аймақ басшысы Даниал Ахметов қосымша көлік сатып алудың жолын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, Өзбекстанда шығарылған көліктердің жақсы екендігін ескертті.

"Өзбекстан Жапониямен бірлесіп, "Isuzu" атты тамаша көлік шығарып жатыр. Сапасы жоғары, бағасы қолайлы. Бізге сондай көлік керек", – деді Даниал Ахметов.

Бірақ Ресейде жасалған жедел жәрдем көліктерінен бас тартпайтындығымызды да қосып қойды облыс әкімі.

"Таулы аймақты "УАЗ" – таптырмайтын көлік. Оның баламасы жоқ. Демек, оларды да сатып алу қажет", – деді Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу