ШҚО-ның Зырян ауданында 800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

928

ШҚО-ның Зырян ауданында 800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

ШҚО-да су тасқынына байланысты Зырян және Қатон-Қарағай аудандарында құтқару күштерінің негізгі құрамы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын осы аймақтағы бірнеше елді мекенді су басқан болатын. Зырян ауданында құтқару күштері мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 800-ге жуық адам эвакуацияланған. Тұрғындар эвакуациялық пунктерге орналастырылды. Көбісі туыстарын паналап отыр.  Әсіресе Зубов ауылы мен Зырян қаласының тұрғындары зардап шеккен.

Қазіргі таңда олармен "СПиАСР" және ВРАОСО мекемелерінің психолог мамандары жұмыс істеп жатыр. Эвакуациялық пунктерде дәрігерлер 130-дан астам адамға, оның ішінде онына жедел медициналық көмек көрсеткен. 

Қазіргі уақытта Зырян ауданында 300-ге жуық үйді су астында. Жергілікті құтқарушыларға Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарынан қосымша құтқару топтары көмекке келді. Олар су бұру, топырақ төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Ал Семейде жағдай тұрақтанды. Су астында қалған аулалар мен үйлер тазартылып жатыр. Төтенше жағдай ШҚО-ның 4 ауданы мен бір қаласында сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу