ШҚО омарташылары экспорттаушылар тізіміне енді

1117

Жалпы жылына аймақта 2 мың тоннаға жуық тәтті жиналса, осының тең жартысы шет елдерге шығарылады екен. 

ШҚО омарташылары экспорттаушылар тізіміне енді

Шығыс Қазақстан облысында бал экспортын еселеп арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кету керек, еліміздегі бал өнімдерінің 75 пайызы осы өлкеде өндіріледі.

Жалпы жылына аймақта 2 мың тоннаға жуық тәтті жиналса, осының тең жартысы шет елдерге шығарылады екен. Енді бұл көрсеткіш бұдан да өседі деп жоспарлануда. Өйткені аймақтағы кейбір омарта шаруашылықтары экспорттаушылар тізіміне еніп отыр.

"Бал экспортын мың тоннаға дейін жеткізуге болады, ол үшін толық мүмкіндік бар. Қытай елі біздің өлкенің балын өте жоғары бағалайды.Тек өз тарапымыздан бұл салада инновациялық технологияны жиі пайдалануымыз керек. Біз осы экспорт әлеуетін арттыру мақсатында балды өңдеп, оны белгілі талаптарға сай сұрыптайтын автоматты қондырғылар сатып алдық, енді шаруашылықта соны қолданатын боламыз", -  дейді омарта шаруашылығының жетекшісі Валерий Қасымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу