Шығыс Қазақстандық өрт сөндірушілердің далалық жердегі өртпен алысқандарына үшінші тәулік, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
"Ұлан,Аягөз, Жарма, Күршім аудандарында далалық өрт өршіп тұр. Елді мекендерге төнген қауіп жоқ", -делінген ақпаратта.
Департаменттің мәліметіне сүйенсек, өрт аумағы 500 га аумаққа жайылған. Өртті сөндіруге 10 өрт сөндіру мәшинесі мен 60 адам жұмылдырылды. Өрттің шығуына аптап ыстық себеп болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу