ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

505

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.  

ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары бастау алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, облыс бойынша мұз кептелісі болуы мүмкін 4 ауданда 16 учаске анықталған. Олар Ертіс, Уба, Бұқтырма және Күршім өзендерінде орналасқан.

Облыстық ТЖД профилактикалық жұмыстың Шемонаиха ауданынан басталғанын мәлімдеді.

"Мұнда Үбі өзені елдімекендерге ерекше қауіп төндіреді. Осыған байланысты Жоғарғы Үбі, Убинка ауылдарында, Шемонаиха қаласында және Усть-Таловка ауылында профилактикалық жарылыстар жүргізіледі. Бүгін Жоғарғы Үбі және Убинка ауылдары жанындағы өзендерде мұз ұсақталды. Мұнда өзендегі мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, мұзды ұсақтау алаңы 19400 шаршы метрді құрады", - деді ТЖ алдын алу басқармасының басшысы Ерлан Балтабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу