ШҚО өзендерінде су деңгейі күрт көтеріледі

1086

"Қазгидромет" осындай болжам жасады.

ШҚО өзендерінде су деңгейі күрт көтеріледі

"Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің күрт көтерілуі күтіледі. 30 наурызда басталған және 5 сәуірге дейін жалғасуы күтіліп отырған ұзақ жауын-шашынға және ауа температурасының жоғарылауына байланысты ШҚО-дағы өзендердің суы күрт көтеріледі және мұз кептелістері қалыптасады деп болжануда", – деп мәлім етті бүгін Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі.

"Қазгидромет" сондай-ақ 1 сәуірге арналған "Қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын" да жария етті.

"Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал", – делінген онда. 

Ауа райы жорамалына жүгінсек, Жамбыл облысының кей жерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28, тіпті 30 метр/секундқа дейін баратын күшті дауылдар тұрмақ.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнайды, бұршақ болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал, түнде жел 15-20, екпіні 25, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жетпек.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде желдің күші 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін күшеймек. Алматы облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метр қарқынмен соғады деп болжануда.

Қазір Ақмола және Қарағанды облыстарына да үлкен су келуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу