ШҚО полицейлері тұрғындардан 28 қару тәркіледі

488

15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

ШҚО полицейлері тұрғындардан 28 қару тәркіледі Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері “Қару” ЖПІШ барысында тұрғындардан 28 қару тәркіледі.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде 8 мыңнан астам атыс қаруының иесі есепте тұр, оларда 14 мыңнан астам азаматтық қару бар.

"Жүргізіліп жатқан ЖПІШ барысында тұрғылықты жері бойынша қару иелерін жыл сайынғы жүйелі тексеруге қарамастан, облыс бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін 37 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте полиция қызметкерлері 28 қаруды тәркілеген. Бес күн ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 22 бірлік қару мен 300-ден астам оқ-дәріні тәркіледі", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу