ШҚО полиция департаменті мемлекеттік сатып алу порталында тендер жариялады. Құжатқа қарағанда 20 қызметкер аптасына екі мәрте бассейнге барады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Қызмет уақытында өтетін даярлық дүйсенбі және жұма күндері сағат 17:00 – 18:00 аралығында болуы керек", деп көрсетілген техникалық сипаттамада.
Сатып алу шарттарына қарағанда, бассейн қаланың ішінде орналасуға тиіс. Ұзындығы 25 метрден, жолақтары екеуден кем болмауы керек. Жолақтары – екі метр. Судың тереңдігі 1,5 – 1,7 метр аралығында. Ер адамдарға да, әйел адамдарға да киім шешетін орын болуы міндетті. Қызмет көрсету қол қойылған сәттен жылдың аяғына дейін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу